Қытайлық отбасы үйдің ақшасын төлемеу үшін төрт адамды өлтіріп тастады
Қытайлық отбасы үйдің ақшасын төлемеу үшін төрт адамды өлтіріп тастады.
Фото: Qingdao Intermediate Court
15:42 17.09.2018
Қытайда төрт адамнан құралған отбасы өлім жазасына кесілді. Олар пәтерді жалға берушіні, оның әйелі мен екі баласын өлімге қиған, - деп хабарлайды Daily Mail. Бұл шешім Циндао қаласының сотында шешілді.
2017 жылы пәтерді жалға алушылар пәтер қожайынын алдап-сулап үйіне шақырып алып, төсекке керіп байлап тастаған. Сосын түрлі сылтаумен оның әйелі мен балаларын шақырып, оларды да өлтірген.
Төрт қылмыскер (40 пен 32 жастағы күйеуі мен әйелі және оның 68 жастағы әке-шешесі) қасақана өлтіру, ал күйеуіне сондай-ақ — қызды зорлау мен тонаушылық бабы бойынша жаза кесілді.
Бұл қылмыс Қытай тұрғындарының төбе шашын тұрғызды. Сотталғандар сот шешімін қайта қарауды талап етпеді. Өлім жазасының жүзеге асырылатын күні әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!