Компьютерлік жүйе GGG соққысы Альварестікінен әлдеқайда көп болғанын көрсетті
Бокстағы соққыларды есепке алатын компьютерлік жүйе CompuBox (Computerized punches scoring system) Головкин - «Канело» рематчы статистикасын жариялады.
16:10 17.09.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат boxingscene-қа сілтеме жасап хабарлайды.
CompuBox-тың статистикасына жүгінсек, Головкин 12 раундта 879 жұдырық сілтеп, оның 234-ін дәл тигізген (26.6%). Ал Альварес 622 жұдырық сілтеп, оның 202-сін дәл тигізген (32.5%).
Сондай-ақ, Головкинның қарсыласқа бағыттаған джеб(Jab) саны 547-ге жетіп, 118-ін дәл тигізген (21.6%).
Альварес 256 джеб соққысын жасап, 59-ін тигізген(23%).
Ал ауыр соққылар бойынша, GGG қарсыласына 332 ауыр соққы жасап, 116-сін дарытқан (34.9%).
Ал «Канело» 366 ауыр соққы бағыттап, 143-ін дәл тигізген (39.1%).
Әр раундтағы соққылар саны бойынша отандасымыз 9 раундта жеңіске жетіп, 2 раунд жеңіліп, 1 раунд тең өнер көрсеткен.
Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтті.
Қортындысында, отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, чемпиондық белдіктерінен айырылды.
Алайда жекпе-жек қортындысы тағыда дауға ұласып, көптеген БАҚ және танымал боксшылар Головкинды жеңді деп бағалауда.
Айта кетейік, боксшылардың бір жыл бұрынғы алғашқы жекпе-жегінде тең нәтижемен тарқасқан болатын.
Бұл жекпе-жекте Головкин қарсыласына 703 соққы жасап, 218-ін дәл тигізсе, Альварес 505 соққыдан тек 169-ін тигізе алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!