Ғалымдар опасыздық жасаудың басты себебін анықтады
Адамдардың қарым-қатынаста опасыздыққа апаратын ісіне әсер ететін факторларды зерттеу кезінде Квинсленд университетінің зерттеушілері ортақ тұжырымға келді.
02:00 18.09.2018
Эмоционалдық тұрақтылық, адал бола білу және қаржы табу қабілеті - қарым-қатынастың сәттілігі мен ұзақтығына әсер етпейді.
Көзге шөп салуға бейімділікке негізінен жыныстық қатынас жасаған адам саны әсер етеді екен. Яғни, үйленуден бұрын жыныстық партнерлері неғұрлым көп болса, үйленген соң да опасыздық жасауға бейім болады. Және де бұндай адамдарды опасыздық жасауға титтей себеп итермелеп тұрады. Отбасындағы ұсақ-түйек оның "сол жаққа" баруына ықпал етеді. Ондай адам үйдегі проблеманы шешуге бәлендей ықылас танытып, күшін де салғысы келмейді. Оның орнына басқа жақта өзге адаммен эмоциясын шашып, қажеттілігін қанағаттандырып алғанды дұрыс көреді.
Бұдан бұрын ғалымдар ер адамдардың психологиялық тұрақтылығы күмән тудыратын әйелдермен қатынас жасағысы келетінін анықтаған. Ғалымдардың пікірінше, бұндай қатынастар ер адамның өмірін қызықты етеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!