{metadescription}
БҚО-да мотоцикл мінген әкесі мен 5 жасар бала көз жұмды

БҚО-да мотоцикл мінген әкесі мен 5 жасар бала көз жұмды

Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан ер адам мен оның бес жасар ұлы көз жұмды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 10.00 шамасында Теректі ауданы Подстепный ауылында болған. «Урал» мотоциклі мен «Toyota Rav-4» автокөлігі түйіскен. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен оның ұлы Орал қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Кейін олар  жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша, Теректі аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.