Қостанайда кәріз құдығынан 7 жасар баланың мәйіті табылды
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тимирязев ауылындағы қоғамдық моншаның кәріз құдығынан бала мәйіті табылды.
Фото: Иллюстрациялық
13:13 18.09.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
7 жасар бала сол ауылдың тұрғыны болып шықты және ол бір күн бұрын жоғалған.
18 қыркүйек күні 8:50-де Жітіқара ауданы, Тимирязев ауылында Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары қоғамдық моншаның кәріз құдығынан 2011 жылы туған баланың денесін тапты. Бірінші сынып оқушысы 17 қыркүйек күні 14:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге құтқарушылар, ІІД жеке құрамы мен техникасы және жергілікті халық атсалысқан болатын.
ТЖ департаменті қайғылы оқиғаның ата-ана салғырттығынан және балаға қарамауынан болғанын атап өтті.
«Ата-ана өз баласына мұқият көңіл бөлгенде мұндай оқиға болмас еді. Бала қауіпсіздігіне жауапкершілік ең алдымен ата-анаға жүктеледі», - дейді департамент өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!