Бақыт Сұлтанов қаржы министрі қызметіне келетін адамға кеңес берді
Бақыт Сұлтанов қаржы министрі қызметіне келетін адамға кеңес берді.
Фото: businesslistingplus.com
17:00 18.09.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Экс-министр Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Қазіргі кезде ҚР Қаржы министрінің міндетін оның бұрынғы орынбасары атқарып жүр.
«Жаңа қаржы министріне алдымен даналық тілеймін. Бүгінде қауіп-қатерлер көп. Сол себепті талап та күшті. Сырттан келетін қауіп-қатерлер бар. Елдің ішінде де біраз мәселелерді шешу керек. Сондықтан қаржы министрі қашан да салмақты болуы тиіс. Әрине, қыңыр мінез де, сараңдық та болуы шарт. Сосын елдің қаржылық жағдайын дамыту үшін қырағылық та аса қажет. Енді, қаржы жүйесі ағзаның қан айналымы іспетті. Сондықтан аталған функцияның маңызы зор», - деді Б.Сұлтанов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!