{metadescription}

Ғалымдар ең тиімді диетаны атады

Канада ғалымдары ең тиімді диетаны атады.

Торонто университетінің ғалымдары көкөністер мен дәмдеуіштер қосылған сиыр етін молынан жесең, ол метаболизмді қалыпқа келтіріп, зат алмасуды реттеп, артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді дейді, - деп жазады Science Alert.

Зерттеушілер еттен басқа тамақтан қажетті дәрумендер мен қоректік заттардың көп мөлшерін алу мүмкін еместігін атап өтті. Өзге диеталар денеде стрес тудырып, тіпті денсаулыққа зиян әкелуі мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, ет, көкөніс және таза ауыз су арасындағы тепе-теңдік организмнің метаболизмі мен ас қорытуды реттеп, оны сағат тіліндей жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі екен. 

Ет диетасының тағы бір пайдасы - холестериннің төмендеуі. Зерттеушілердің айтуынша, етті майдың өте аз мөлшерімен дұрыс дайындау осы нәтижеге әкеледі.

Канадалық ғалымдар қазақ халқының ет асып жейтін диетасын білмейтін болуы керек. Бұл атам қазақтың данышпандығының тағы бір дәлелі десек, жаңылмаймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде