{metadescription}
Еуропаның 5 дүркін чемпионы қаза тапты
Диана Каратеева көз жұмды. Кикбоксингтен бес дүркін Еуропа чемпионы Диана Каратеева Абакан қаласындағы (РФ) өз үйінде өлі күйінде табылды. 16 қыркүйек күні Диана Каратееваның жансыз денесін үйіне келген достары тауып алған. Артынша шұғыл реанимациялық бригаданы шақыртқан. Деректерге сүйенсек, 23 жастағы спортшы қыз иіс тиіп уланған. Хакасия спорт министрлігінің ұжымы Диана Каратееваның туыстарына және достарына шын көңілден көңіл айтты.
08:26 19.09.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!