Ит иесінің 5 жасар қызын талап өлтірді
Қыздың ата-анасы итті екі апта бұрын сатып алғаны белгілі болды.
09:18 19.09.2018
Ресейдің Калининград облысында ит қожайынының бес жасар қызын қауіп өлтірді.
"Кеше құқық қорғау органдарына Гурьев ауданының Рощино кентінде кішкентай қыздың қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеушілер дереу оқиға орнына аттанды. Тексеру кезінде баланы ит талағаны анықталды", — делінген ақпаратта.
Қыздың ата-анасы итті екі апта бұрын сатып алғаны аталып өткен. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады.
2017 жылдың қараша айында Мәскеу түбінде зейнеткерді көршісінің екі иті талап тастаған болатын. Королев қаласының тұрғыны дүкеннен нан әкелуге шығып кетеді. Алайда екі сағат бойы қайтып келмеген соң, күйеуі іздеп шыққан. Ол әйелінің денесін үйдің жанынан тауып алған. Жедел жәрдем дәрігерлері марқұмды ит талап өлтіргенін мәлімдеді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!