{metadescription}

Өскеменде 15 жастағы қызды өлтіріп кетті

Өскеменде Есенберлин даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің пәтерінен 15 жасар қыздың мәйіті табылды. 

Сағат кешкі 21.00-де полицияға Есенберлин даңғылы 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен екен.

15 жастағы жасөспірім қыздың  денесі пәтерден табылып отыр. Оның колледж студенті екені белгілі болды.

-Денесінде зорлық белгілері бар, – деп мәлімдейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған қылмыста күдікті болып танылған 18 жастағы қала тұрғыны құрықталып отыр. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: altaynews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде