Альварес Головкиннен жеңіп алған чемпиондық белбеуінен айырылды
Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жектегі жеңісінен кейін екі күн өткеннен соң әлем чемпионы титулынан айырылды.
11:30 19.09.2018
Халықаралық бокс ұйымы (IBO) мексикалық Сауль Альварестен титулын алып қою туралы шешім қабылдаған.
«Альварес Халықаралық бокс ұйымына (IBO) санкциялық жарна төлеуден бас тартқан. Соның салдарынан бұл титул бос қалды», - делінген хабарламада.
Альварес Халықаралық бокс ұйымына (IBO) санкциялық жарнаны төлеуден бас тартқаны белгілі болды, осылайша бұл титул бос қалды. «Канело» WBA Super, WBC әлем чемпионы белбеуін, WBC арнайы белбеуі мен The Ring журналының белбеуін иеленді.
GGG – «Канело» екінші кездесуінде Головкин төрешілер шешімімен жеңіліске ұшырады. Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталған болатын. Қазақстандықтың бас бапкері Абель Санчес кейінірек үшінші жекпе-жек 2019 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін екенін хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!