{metadescription}
Алаяқ әйел Астана тұрғындарының 17 млн теңгесін алып кеткен

Алаяқ әйел Астана тұрғындарының 17 млн теңгесін алып кеткен

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ірі көлемдегі қаражатты иемденген 35 жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі. 

«Қазақстанның бірнеше өңірінде балалар үйлеріне тауар жеткізу бойынша тендерге қатысамын деген сылтаумен азаматша Ж. алаяқтық жолмен азаматтарды ақша аударуға үгіттеген. Азаматтарды алдау арқылы алынған сома 500 мыңнан 17 млн теңгеге дейін жетеді. Бұдан бөлек, ол салынған сомаға байланысты азаматтарға ай сайын проценттер (10-20%) төлеуге уәде еткен», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы «алаяқтық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полицияға алаяқтық фактісі бойынша 15 адам шағым түсірген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде