Екібастұзда бесінші қабаттан құлаған екінші қыз қаза тапты
Павлодар облысы Екібастұз қаласында бесінші қабаттан құлаған екінші 15 жасар қыз ауруханада көз жұмды.
17:18 19.09.2018
Ведомствоның баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, жеткіншек Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Бауыржан Момышұлы көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған 15 жастағы екі оқушы түрлі жарақтпен ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі жолда қайтыс болған.
Екіншісі ауыр халде қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілген. Аман қалған қызда ашық бас ми жарақаты, бет және қаңқа сүйектері мен омыртқасының сынуы анықталған.
«Дәрігерлер екінші қыздың өмірі үшін бес күн арпалысты Өкінішке қарай, қыз бала көз жұмды.», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!