Мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылып жатыр
Түркіменстанда мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылып жатыр.
10:30 20.09.2018
«Дәрі-дәрмектің қымбаттап жатқанын пайдаланған саудагерлер мерзімі өтіп кеткен дәрілердің қорабындағы жарамдылық мерзімін көрсететін жазуларды өшіріп, сатып жатыр. Кейбірін қорабын алып, даналап сатып жатыр», - дейді тілші.
Тілшінің айтуынша, шыны және пластикалық ыдыстағы дәрілердің де жарамдылық мерзімін көрсететін жерлерды жараға жағатын маймен өшіріп тастаған.
Өткен айда Азаттықтың Лебап уәлаятындағы тілшісі жедел-жәрдем қызметкерлері дәрілердің тапшылығынан науқастарға дәрі бермейді деп хабарлаған. Дәрігерлер соңғы уақытта мемлекет жедел-жәрдем қызметін тегін дәрілермен қамтамамыз етуді тоқтатты дейді.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!