Шіркеу қызметкері екі полицейді пышақтаған
Италияда 72 жастағы шіркеу қызметкері полицейді пышақтап тастаған.
14:07 20.09.2018
Куәгерлердің айтуы бойынша метрополитендегі екі келіншекке тиісіп қоймағаннан кейін оған тәртіп сақшылары келген.
Олар оның қолына кісен салмақ болған кезде бір полицейдің мұрнын сындырып, екіншісіне пышақ сұққан. Абырой болғанда екі полицей де аман қалған.
Питер Слокомб өзінің ісіне өкінетінін айтқан. Оған екі жыл сегіз айға үй қамауында отыру үкімі шығарылды. Бұған қоса, ол әрбір зардап шеккен офицерлерге 5000 евро төлейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!