Әйелі мен баласын аяусыз өлтірген еркек 20 жылға сотталды
Ресейдің Иркутск облыстық соты Тәжікстандағы Дангар аймағының әйелі мен баласын аясуыз өлтірген 26 жастағы тұрғынын 20 жылға соттау туралы үкім шығарды.
16:27 20.09.2018
Сот материалдары бойынша, қайғылы оқиға биыл 13 наурызда тіркелген: тәжік мигранты Файзиддин Хабибуллоев қызғаныштан ұлты орыс әйелі мен баласын пышақтап өлтірген. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Тергеу мәліметіне қарағанда, 13 наурызда сотталушы әйелі және баласымен отбасы мерекесін атап өту үшін пәтер жалға алған. Сол күні күйеуі әйелін көзіне шөп салған деп айыптаған. Оған белгісіз біреудің телефондағы смс хабарламасы түрткі болған. Қызғаныштан ол әуелі баласын пышақтап, одан соң әйелін де өлтірген. Полиция қызметкері жұзге жуық пышақ ізін санаған. Мигрант бір тәуліктен соң қолға түсті. Ол Тәжікстанға кетуді жоспарлаған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хабибуллоев әйелі баланы басқа біреуден туған деп күдіктенген, өйткені баланың көзі көк болған. Сотта Хабибуллоев қалай өлтіргені есінде жоқ екенін мәлімдеген. Бірақ сот-психологиялық сараптамасы оны жоққа шығарған. Марқұмның анасы сотт күйеу баласы қызын үнемі ұратынын айтқан.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!