Талақ айтып ажыраса салу жойылмақ
Үндістан үкіметі «талақ» айтып ажыраса салатын тәжірибені қылмыс деп таныды.
11:50 21.09.2018
Бұл бойынша айыпталғандарды үш жылға дейін соттау жөнінде жарлық шығарды.
Бұл елдегі 170 миллион мұсылманның басым көпшілігі суниттер, яғни отбасылық өмірі дін заңдылықтарына бағынатындар. Ондағы ұйғарым бойынша ер адам үш рет «талақ» айтып ажырасып кете береді. Бұндайға бетпе-бет кездесуде немесе телефон арқылы айтуға, тіптен СМС хат жіберу арқылы да рұқсат етілген.
Желтоқсан айында дәстүрлі ажырасу салтына тыйым салатын заң жобасы парламенттің төменгі палатасында мақұлданған. Бірақ заң жобасы жоғарғы палатадан өтпеді. Енді үкімет қабылдаған жарлық күшіне ену үшін, ел президенті құжатқа қол қоюы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!