Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған түрік азаматы кешірім сұрады
Видеоүндеу әлеуметтік желілерде жарияланды.
13:30 21.09.2018
Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып, қабағын жарып жіберген түрік азаматы қазақстандықтар мен жәбірленген ер азаматтан кешірім сұрады.
Жәбірленушінің айтуынша, оның екінші жолаққа ауысқан әрекеті бұзақыға ұнамай қалса керек. Ал, білектің күшіне сеніп, зейнет жасына жақындаған жүргізушіні төмпештеп тастаған.
Еске салайық, Алматыда жедел жəрдем жүргізушісі соққыға жығылғандығын хабарлаған болатынбыз. Зардап шегуші қазір ауруханада жатыр. Оның қабағы жарылып, басынан ауыр соққы алғаны белгілі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!