{metadescription}
Төрт дүркін Олимпиада чемпионы қаза тапты

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы қаза тапты

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы, венгер семсершісі Дьезе Кульчар 77 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы Венгрияның Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында хабарланды.

Кульчардың неден қайтыс болғаны хабарланбайды. 

Семсерші 1964 жылы Токиода, 1968 жылы Мексикада (командалық және жеке жарыстар), 1972 жылы Мюнхенде (командалы жарыс) өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарында үш алтын, екі күміс және төрт қола медаль иеленді. 

1979 жылы спорттық мансабын аяқтаған соң Кульчар Венгрияның семсерлесу федерациясының бас хатшысы, сонымен бірге ұлттық құраманың бас бапкері болады. 

2001 жылы Венгрияда оған "Ұлт спортшысы" деген атақ береді. 2005 жылдан семсерші ұлттық олимпиада комитеті басқармасының мүшесі болған.

Дереккөз: Sputnik

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде