{metadescription}
ФОТО: Ағасы қарындасын екі жыл азаптап келген

ФОТО: Ағасы қарындасын екі жыл азаптап келген

Әйел өте қажып кеткен, тіпті өз аяғына тұра алмайтын жағдайға жеткен.

Үндістанның солтүстігіндегі Дели қаласының тұрғыны екі жыл бойы қарындасын жабық бөлмеде тұтқында ұстап келгені үшін қамауға алынды. Полиция қызметкерлері әйелді тапқанда, оның денесі қорқынышты күйге айналған. Ағасы оған төрт күнде тек бір рет қана нан беріп отырған.

Осылайша әйел екі жыл бойы азапты көрген. Ол шамамен 50 жаста, бірақ 90-ға келіп қалғандай қартайып кеткен.

Бұл әйел туралы екінші ағасы хабарлап айтқан. Оның айтуынша, қарындасы психикалық ауытқуға шалдыққан, сондықтан оны осылай бөлек бөлмеде ұстауды жөн көрген. Бұған дейін жәбірленуші үйде анасымен бірге тұрған. Анасы қайтыс болғаннан кейін әйелге қамқор болатын басқа ешкім жоқ болыпты.

Қазіргі таңда полиция кіші ағасын әйелімен қамауға алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде