Бурабайда жаңа мешіт бой көтерді
Ақмола облысы, Бурабай кентіндегі мешіт құрылысы бір жылға жуық уақыттың ішінде тұрғызылып, бүгін халық игілігіне пайдалануға берілді.
17:33 21.09.2018
Ағаштан салынған мешіттің ескі ғимараты өрттен қирап қалғандықтан, Бурабай кентінің тұрғындары мен қонақтары шамамен бір жылдай мешітке бара алмады.
Жаңа мешіттің ғимараты ҚР Президентінің Іс басқармасының бастамасымен қайырымдылық қорының есебінен жылға жуық уақытта салынып бітті. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз және Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысты.
150 орындық мешіт 3 қабаттан тұрады. Мұнда екі үлкен зал, кітапханасы мен құран қатым оқылатын орын бар. Жаңа мешіт жамағат пен қалталы азаматтардың қаражатына салынған.
Толығырақ КТК телеарнасынан сағат 19:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!