ШҚО-да сібір жарасын жұқтырған науқас көз жұмды
Ауданда барлық қажетті карантин шаралары атқарылуда.
21:00 21.09.2018
ШҚО-да ауруханаға сібір жарасы деген диагнозбен түскен науқас көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, Катонқарағай ауданының Кіші Нарын ауылында бір адам сібір жарасын жұқтырған. Науқас аудандық аурухандан жедел түрде облыс орталығына жіберілген. Онда қойылған диагноз нақтыланды.
Бүгін науқастың Өскемен қаласының инфекциялық ауруханасында көз жұмғаны белгілі болып отыр.
Ауданда барлық қажетті карантин шаралары атқарылуда.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!