Отандасымыз дзюдодан Әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Бакуде өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды.
01:00 22.09.2018
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерлан финалға дейін Мозамбиктен келген Джуниор Карлосты, израильдік Барух Шмаиловты, молдовалық Вадим Бунесканы, Моңғолиядан келген Керлен Гандболдты және израильдік Тала Фликкерді жеңген болатын.
Отандасымыз финалда жапон спортшысы Аве Хифумиге жол беріп алды.
Осылайша, Ерлан Серікжанов Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін Қазақстаннан Максим Раков (2009) пен Елдос Сметов (2015) үздік ойын көрсеткен еді.
Айта кетейік, кеше 48 кг салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцэцэг әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!