{metadescription}
7 ителгіні шетелге алып шықпақшы болған Қазақстан азаматы ұсталды

7 ителгіні шетелге алып шықпақшы болған Қазақстан азаматы ұсталды

Шекарашылар Алматы халықаралық әуежайында заңсыз жолмен Алматыдан Шарджаға 7 ителгіні алып шығуға тырысқан азаматты ұстады.

Деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

23 қыркүйекте «Алматы-Шарджа» бағытындағы халықаралық рейсін рәсімдеу барысында шекарашылар 1981 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматының қара түсті жол сөмкесінен жәшікке қапталып салынған 7 ителгіні анықтаған.

Аталмыш дерек ҚР ҚК-нің 339 бабына (Сирек және жоғалып кету қаупі төнген, сондай-ақ, қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың мүшелерін және дериваттарды заңсыз пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Ителгілер «Сұңқар» орталығына жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде