{metadescription}

Сарыағашта ұры 15 мың теңгенің балмұздағын жеп кеткен

Түркістан облысының Сарыағаш аданында дүкендердің біріне ұрлыққан түскен әйел 15 мың теңгенің балмұздағын жеп кеткен:

Бұл туралы ҚазАқпарат  yujanka.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Қызық жағдай Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Иесі таңертең дүкенін ашқан кезде іші астаң-кестең болып жатқанын байқайды. Балмұздақтардың қағаздары жан-жаққа шашылып, тәтті сақталған кішігірім тоңазытқыштың іші босап қалған, ыдыс-аяқтар сынған. Мұны көрген дүкеннің иесі полицияға хабарласады.

Сарыағаш АІІБ-нің жедел қызметкерлері балмұздақ жеуден «рекорд жасаған» азаматшаны ізін суытпай ұстады. Күдікті Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Дәл қазір ол ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабы бойынша тергелуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде