{metadescription}
Миллионердің қызы ұшақта сэндвич жеп қайтыс болды

Миллионердің қызы ұшақта сэндвич жеп қайтыс болды

Миллионердің қызы сэндвип жеп, ұшақтың ішінде көз жұмды.

Британдық  миллионер Надим Эднан-Лаперуздың қызы Наташа Лондон — Ницца бағытындағы ұшып бара жатқан ұшақтың бортында әуежайда сатып алған сэндвичті жеп, содан аллергия болып қайтыс болды. Бұл туралы 23 қыркүйекте The Daily Mail хабарлады.

British Airways әуекомпаниясының ұшағына отырардан бұрын қыз әуежайдан зәйтүн, бөрікгүл салынған сэндвич сатып алған. Ұшақты ішінде қызда қатты аллергия реакциясы болып, әкесі аллергияға қарсы үш дәрі қолданса да, 15 жастағы Наташаның жүрегі тоқтап қалды.

Дәрігерлердің айтуынша, аллергия тоқаштың ішіне салынған күнжіттен болуы мүмкін. Күнжіт британдық заңнамада жазылғандай, тамаққа қосылғанда міндетті түрде қораптың сыртына күнжіттің бар екені жазылуы тиіс екен. Өйткені күнжіт он төрт аллергеннің қатарына кіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде