{metadescription}
Әкесінің мәйітінің жанында жылап отырған бала жұртты жылатты

Әкесінің мәйітінің жанында жылап отырған бала жұртты жылатты

Әкесінің мәйітінің жанында еңіреп жылап отырған бала жұрттың көзіне жас үйіріп, еріксіз  жылатты.

Шив Санни есімді Үнді журналисі Twitter-дегі парақшасына әкесінің денесінің жанында жылап отырған кішкентай баланың суретін жариялады. Баланың қайғылы оқиғасын естіген бүкіл әлемнің мыңдаған желі пайдаланушылары бұл оқиғадан қатты әсер алып, оның тағдырына бей-жай қарай алмады. Олар әкесінің мәйітінің жанында жылап отырған баланың отбасына ақша жинап беріп, көмек көрсетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Бұл бала крематорийдегі әкесінің денесіне жақындап, оның бетіндегі жамылғыны алып тастап, қолын марқұмның маңдайына қойып «әке» деп жылай бастады. Қайтыс болған ер адам кедей жұмысшы. Ол Делиде кәріз құдығына түсу кезінде қайтыс болды. Ал оның отбасында тіпті мәйітті өртеуге де бір тиын ақшалары болмады» – деп жазды журналист.

Саннидің айтуынша, 27 жастағы Анил Үндістанның астанасы Делиде кәріз құдығын тазалаумен айнасқан. Ол кәрізге түсу кезінде арқаннан құлап кетіп, қайтыс болды. Дәл осындай жағдаймен Үндістанда жыл сайын 100-дей кәріз құбырының жұмысшысы қайтыс болады. Олар кәрізге түсу кезінде тиісті жабдықпен қамтамасыз етілмелмегендіктен, осындай қайғылы жағдай орын алады.

Әкесінің өлі денесін құшақтап жылаған бала оны күн сайын өзі жұмысқа шығарып салып жүрді. Әкесі жұмыста болғанда бала оның сырттағы заттарын күзетіп, жұмыстан қайтқанша күтіп тұратын. Тек бір апта бұрын ғана отбасында төрт айлық сәби пневмониядан қайтыс болды. Ал, марқұмның ұлынан басқа, артында қалған тағы екі қызы бар еді.

Twitter-ге жарияланған мәйіттің жанындағы баланың суреті 17 мыңнан астам ретвита жинап, көптеген оқырмандар бұл оқиғаға қатысты пікір қалдырып кетті. Пайдаланушылар баланың отбасына көмек көрсеткілері келіп Шив Санниден ақша аударуға болатын шотты көрсетуді сұрады. Бірнеше күн бойы бүкіл әлемнің желі қолданушылары үндістандық баланың отбасына шамамен 14 миллион теңге жинап берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде