Өзбекстан іздеу жариялаған күдікті 9 жылдан соң Алматы облысынан табылды
Өзбекстан Республикасы халықаралық іздеу жариялаған күдікті 9 жылдан кейін табылды. Алматы облысының тұрғынын көрші елдің полицейлері іздеп жатқанын тәртіп сақшылары тексеру барысында анықтаған.
Фото: Қазақпарат
13:40 24.09.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылының құжаттары тексеріліп, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
«ексеру барысында анықталғандай, 48 жастағы азаматқа 2009 жылы Өзбекстанның Төрткөл қаласының тәртіп сақшылары халықаралық іздеу жариялаған. Олардың бағыт-бағдары бойынша, ер азамат ұрлық немесе бөтеннің мүлкіне қол салу қылмысы бойынша күдікке ілінген. Қазір ұсталған азамат жөнінде барлық ақпарат іздеу жариялаған орынға жіберілді.
Сондай-ақ, қазір Алматы облысының полицейлері осы фактіге байланысты Өзбекстаннан толыққанды мәлімет күтіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!