{metadescription}
Алматыда дүкен терезесін қағып өткен Rolls-Royce жүргізушісін жындыханаға жапты

Алматыда дүкен терезесін қағып өткен Rolls-Royce жүргізушісін жындыханаға жапты

Алматы соты Rolls-Royce көлігімен дүкен терезесін шаққан ер адамға үкім шығарды.

Алғашқы сотта 28 қаңтар күні айыпталушының алматылық салондарының бірінің ішінде Rolls-Royce көлігімен терезені қаққаны айтылды. Көлікті де, терезені де қиратты. Оның шығыны 43 млн 278 514 теңге болды, деп жазады Stan.kz.

Сараптамаға сәйкес, көлікке келген зақым 43 278 514 теңге, витраждың шығыны 1 997 829 теңгені құрады.

1990 жылы туған айыпталушының «Параноид шизофрения(ICD 10 F20.0)» түріндегі психикалық ауытқушылықтан зардап шегетіні анықталды. Оқиға болған уақытта ол өзінің не істегенін білмеген.

Қазіргі уақытта да сотта жауап беріп, өз әрекетін түсіндіре алмайды. Психиатрилық емханада ем алуды қажет етеді. Сондықтан ол қылмыстық істен босатылып, психиатриялық стационарға жіберілді.

Апелляциялық сотты жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталушыны қайта тексеруден өткізуді сұрап шағым жазды. Алайда сот оның талабын қанағаттандырмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде