ФОТО: Британдық қыздың қынабынан дәрігерлер тасбақа алып шықты
Испанияда демалып жатқан Ұлыбритания елінің азаматшасы жергілікті ауруханаға ішінің төменгі жағы қатты ауыратынын айтып шағымданған.
14:40 24.09.2018
Гинекологтар 26 жастағы қыздың қынабында бөтен зат бар екенін анықтады, деп хабарлайды ABC. Сөйтіп қынабынан қытай тасбақасын алып шықты. Бұған дәрігерлермен қоса бұтының арасына бауырымен жорғалаушының қалай кіріп кеткенін білмей қыздың өзі таң қалды. Өліп қалған тасбақа науқастың қынабына инфекция таратып, енді британдық қыз ұзақ емделуге мәжбүр.
Қызды зорлады деген күдікпен дәрігерлер бірден полиция шақырды. Бірақ науқастың сөзіне қарағанда, ол жақында достарымен бас қосу кешіне барыпты. Бірақ ол жерде не болғанын қыз есіне түсіре алмады. Белгілі болғаны, аталмыш оқиғаны тексеруді жалғастыруға британдық азамат бас тартты.
Қытай тасбақалары әдетте Қытай, Филиппин, Жапонияда мекендейді. Оның ұзындығы 18 см. Бұндай тасбақаны көбінесе үйде ұстайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!