{metadescription}
Семейде 5 жасар баланы зорлаған күдікті ұсталды

Семейде 5 жасар баланы зорлаған күдікті ұсталды

Семейде 5 жасар баланы зорлаған қаскүнем ұсталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

21 қыркүйек күні қалалық Ішкі істер басқармасына 41 жастағы азамат арыз берген. Қала тұрғынының айтуынша, белгісіз біреу 5 жастағы ұлын қорлаған. Дереу жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылып, криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол бұрын істі болмаған.

Анықталғандай, жол бойында кетіп бара жатқан азамат тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген бүлдіршіндерді көрген. Жақын маңда ересектердің жоқтығын пайдаланып, 5 жасар ұлды Засядко көшесіндегі көпқабатты үйлердің жанындағы гараждардың арасына алып барған. Сол жерде пиғылын жүзеге асырған.

Тергеу кезінде қылмысын мойындады. Қазір уақытша қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.