Өскеменде 20 жастағы бойжеткенді үйінің ауласында зорлап кетті
Өскеменде Ұлттық ұлан жауынгерлері 20 жастағы бойжеткенді зорлап тастаған ер адамды іздеп тауып, тұтқындады.
01:00 25.09.2018
Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға бір апта бұрын орын алған.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелдінің мәліметінше, 20 жастағы бойжеткен сағат 22:00 шамасында полицияға хабарласып, Абай даңғылының бойындағы гараждардың артында бейтаныс жігіттің күш көрсетіп, зорлап кеткенін айтқан.
Ұлттық ұланның әскери жасағы күдіктінің бағыты бойынша ізіне түскен. Патрульдік топ басшысы лейтенант Ермек Уәлиев пен жауынгер Исламбек Төлесінов жас жігітті оқиға орнына таяу жерден тауып, ұстады. 1995 жылғы күдікті мас болған. Жәбірленуші оны бірден таныды.
«Азамат Ш. Кінәсін мойындады. Ұлттық ұлан жауынгерлері жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер жәбірленушіні тексеріп, №1 қалалық ауруханаға алып кетті. 5518 әскери бөлімінің әскери жасағы күдіктіні Өскемен қаласының Үлбі полиция бөліміне жеткізді», – дейді Бағдат Амангелді.
Жауынгерлер Ермек Уәлиева пен қатардағы Исламбек Төлесінов марапатқа ұсынылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!