{metadescription}

Молдова президенті биліктен шеттетілді

Молдавияның Конституциялық соты (КС) ел президенті Игорь Додонның құзыреттілігін уақытша тоқтатты.

Бұл туралы сот төрағасы Михай Поалелунжь мәлімдеді.

Бұған дейін елдің премьер-министрі Павел Филип Додонға екі жаңа министрдің кандидатурасын бекітуге ұсыныс жіберген болатын. Ол денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі ретінде Сильвио Радты, ауыл шаруашылығы және аймақты дамыту министрі ретінде — Николай Чубукты тағайындауды ұсынды.

Додон бұл үміткерлерге қарсылық танытты.

«Премьер қайта ұсынған министрлердің кандидатурасын бекітпегендіктен президент уақытша отставкаға жіберілді», — деді КС судьясы Поалелунжь.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде