Оралда жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жастағы қыз өлі табылды.
14:22 25.09.2018
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 24 қыркүйек күні полиция қызметкерлері 1995 жылы туған бойжеткенді өлтірген күдікті ретінде 1986 жылғы ер адамды анықтап, ұстады.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы осы оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Еске салсақ, 23 жасар Карина Дустанова 17 қыркүйек күні хабар-ошарсыз кеткен. Сол күні кешке ол Оралдан Ақсайға баруға тиіс еді, бірақ содан кейін байланысқа шықпаған. Каринаны тума-туысқандары әлеуметтік желі арқылы да іздестірген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!