{metadescription}
13 жасар бала құрдасын ірімшікпен ұрып өлтірді

13 жасар бала құрдасын ірімшікпен ұрып өлтірді

Марқұм 10 күн комада жатқаннан кейін қаза тапты.

Лондонда жергілікті бұзақы 13 жасар Каранбир Чиманы ірімшікпен ұрып өлтірді. Марқұм баланың жұмыртқа, жаңғақ, бидай, глютен және сүтті тағамдарға аллергиясы болған. Сондай-ақ, ол демікпе және тері ауруының оғаш түріне шалдыққан. Бұл туралы The Times басылымы жазды.

Ірімшік тигенде оқушының терісі қызарып, қышып, тынысы тарыла бастаған. Жедел жәрдем қызметкерлері жасөспірімді анафилактикалық шоктан арылту үшін барлығын жасады. Алайда оқушы бұл шараларға қарамастан комаға түсті. Осыдан кейін Каранбир Чима ауруханаға жатқызылып, сол жерде 10 күннен кейін өлді.

Оқушыға ірімшік лақтырған бұзақы ұсталды. Бірақ оған ешқандай айып тағылмады. Ірімшікті лақтырған баланың да жасы он үште.

4 мамыр күні Британияның Саннингдейл қаласында жаңғаққа аллергиясы бар 9 жасар оқушы Фредди Джонс өзін шоколад жеуге мәжбүрлегендердің үстінен шағым түсірген-ді.

Дереккөз: Sputnik


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде