Дәрігер отадан кейін науқасты зорлап тастады
Ер адам науқастан болған жағдай туралы ешкімге айтпауын өтінген.
15:57 25.09.2018
Ресейдің Ижевск қаласында орналасқан аурухана дәрігері 32 жастағы науқасты зорлады, деп хабарлайды "Комсомольская правда в Ижевске" басылымы.
Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша ("Зорлау") қылмыстық іс қозғалды.
Ер адам әйелге ауыз қуысындағы бадамша безін алып тастағаннан кейін тарпа бас салды. Дәрігер сол күні мас болып, отадан кейін кабинетінде жатқан әйелге ішімдік ұсынған. Кейін әйел бетін қайтарған соң оған шабуыл жасайды.
Ота кезінде жансыздандыратын дәрі салынғандықтан, әйел өзін зорлаған ер адамға төтеп бере алмаған. Кейін дәрігер оны палатасына жіберіп, болған жағдай туралы ешкімге айтпауын өтінген. Алайда науқас өз палатасына жеткен соң бірден полицияға болған жағдай туралы хабар берген.
22 қыркүйек күні Мәскеудің орталығында Hyundai маркалы такси жүргізушісі көліктің артқы орындығында 1971 жылы туған жолаушыны зорлап, кейін көшеге түсіріп кеткен. Аталған фактіге сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ер адамға іздеу жарияланды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!