{metadescription}
ФОТО: 102 жастағы әже жүгіруден әлем чемпионы атанды

ФОТО: 102 жастағы әже жүгіруден әлем чемпионы атанды

Бұл бас жүлде Ман Каурдың алғашқы сыйлығы емес.

Үндістандағы Чандигахра қаласының 102 жастағы тұрғыны Ман Каур Испанияда өткен Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 100-ден 104 жас аралығындағы қатысушылар арасында 200-метрлік жарысты жеңіп, елдің мақтанышына айналды. Жүз елден 8 мың спортшы жиналды.

Әжей 1916 жылы Үндістан тәуелсіздік алмай тұрғанда дүниеге келген. Бала бағушы, содан кейін аспазшы болып жұмыс істеген. Ол үш баладан 9 тоғыз немере, 14 шөбере сүйіп отыр.

Егде жастағы спортшы жеңіл атлетикаға 2009 жылы бет бұрыпты. Айтуынша, оған үлгі болған 80 жастағы ұлы Ман Гурдев көрінеді.

Қазіргі уақытта әжейде 32-ге жуық алтын медаль бар. Ол салауатты өмір салтын жүргізеді, күнделікті жүгіріп, спортзалға барады. Ендігі ол 2021 жылы Жапонияда өтетін Әлемдік жеңіл атлетика чемпионатына баруды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.