Нөсер жауыннан 45 адам жоғалып кетті
Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы алапат нөсерге ұласқан.
01:00 26.09.2018
Салдарынан кем дегенде 45 адам, соның ішінде Рурки қаласындағы технологиялық институттың 35 студенті із-түссіз жоғалып кеткен.
NDTV телеарнасы хабарлағандай, апат болмай тұрып, студенттер Лахул ауданындағы таулы жерге сапарға шыққан. Ал дүйсенбі күні штатта қар аралас нөсер жаңбыр жауған.
Қазіргі таңда Үндістанда муссондық жауын-шашын маусымы жүріп жатыр. Ол маусым айынан қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Соның салдарынан оңтүстік-батыстағы Керал штаты зардап шегіп, 445 адам ажал құшқан. Ал 1,4 млн адам су тасқынына байланысты уақытша үйлерін тастауға мәжбүр болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!