{metadescription}
Ақтауда баланың өңешіне 100 теңге тұрып қалған

Ақтауда баланың өңешіне 100 теңге тұрып қалған

Бала 100 теңгелік монетаны жұтып қойған.

22 қыркүйек күні Ақтау ауруханасына тыныс алуы қиындаған бес жасар бала түскен.  

Эндоскопист дәрігер Роллан Елеусінов әріптестерімен бірге монетаны шығару отасын жасады. Хирургиялық ота 40 минутқа созылған. Монета әуелі өңешінде тұрған, ол ота кезінде асқазанға түсті. 

Қазір баланың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.  

Дәрігерлер ата-аналардан кішкентай балаларға мұқият болуды сұрайды. Ұсақ түрлі магнит, ине, түйме, тиындар қол жетпейтін жерде болу керек. Және дәрігер мұндай жағдайлар жиі болатынын айта кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.