{metadescription}
Елордада «Astana Media Week-2018» басталды

Елордада «Astana Media Week-2018» басталды

Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Astana Media Week» қазақстандық медиа-апталығы басталды.

Үш күнге созылатын айтулы шараның басты тақырыбы - «DIGITAL MEDIA».  

Жиынға 2 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде. Олардың арасында Қазақстан мен шет елдердегі медиаиндустрияның 60-қа жуық топ-менеджерлері, 50-ден астам продакшн-компаниялардың өкілдері бар.

Медиа-апталық «Контент-маркет» көрмесімен ашылады. 26 қыркүйек күні республикалық және өңірлік телеарналардың, еліміздің барлық өңірлерінен келетін продакшн-компаниялардың, жетекші вендингтік компаниялардың қатысуымен өткізіледі. Жаңа телебағдарламалардың, реалити-шоулардың, мультфильмдердің, көркем фильмдер мен деректі фильмдердің тұсаукесері ретінде питчинг жүргізілмек. Онда продакшн-студияларға инвесторларды тарту мақсатында өздерінің айрықша бейнеконтенттерін ұсынуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ, медиа-апталықтың бірінші күні Media Talks пікірталас алаңы жұмыс істейтін болады, оған әртүрлі қызмет салаларының жетекші мамандарына қатысады. Ток-шоу форматында «Болашақтағы кәсіптер» талқыланатын болады.

Ал ертең «Өңірлік БАҚ форумы» өткізіледі. Онда медиа саланың беделді сарапшылары цифрлық БАҚ трансформациясы сауалдарын, контент нарығы, өндірісі мен дистрибуциясы қандай болатынын, Қазақстанда медиа сауаттылық пен медиа білімнің даму мәселерін және болашағын, әрі отандық масс-медиа қызметіне қатысты заңнама саласындағы реформаларды талқыламақ.

27 және 28 қыркүйек күндері «Өңірлік БАҚ альянсы» орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары, баспасөз қызметтерінің мамандары мен өңірлік БАҚ тілшілері үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады. AMW аясында үшінші күні, сондай-ақ ASTANA DIGITAL FORUM өтеді. Онда беделді сарапшылар 2018 жылғы Digital-маркетинг трендтерін талқылап, цифрлық экономикада өз орнынды табу, цифрлық ресурстарды пайдалану сұрақтарын қарастырады.

Апталықтың жабылу салтанатында Қазақстандағы үздік баспасөз қызметі жарияланатын болады.

Айта кетейік, 2017 жылдың 4-6 қазанында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан телевидениесі тарихында тұңғыш рет халықаралық Astana Media Week контент-алаңын ұйымдастырған болатын. Оған  Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь елінен келген 2 мыңға жуық қонақ қатысқан еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде