{metadescription}
Петропавлда көлік қаққан қыздардың бірі қаза тапты

Петропавлда көлік қаққан қыздардың бірі қаза тапты

Петропавлда түнгі клубтың алдында көлік қағып, комада жатқан қыз қайтыс болды.

25 жастағы бойжеткен есін жимастан облыстық ауруханада қайтыс болды. Ол түнгі клубтың алдында автокөлік қағып кеткен зардап шегушілердің бірі еді. Бойжеткеннің бас миы зақымданған және өзге де жарақаттар болған. Ауруханаға аса ауыр халде түскен. Осы уақытқа дейін ол комада болды.

Облыстық ауруханада бойжеткеннің көз жұмғанын растады.

Еске салайық, жүргізуші жолдың арғы бетіне өтпек болған қызды «Ударник» сауық кешенінің жанында таңғы сағат 04:30 шамасында қаққан. 15 қыркүйек күні Петропавлдың орталығындағы түнгі клубтың алдында «Лексус» маркалы көлігінің жүргізушісі екі қызды қағып кеткен еді. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша айып тағылуда. Анықталғандай, күдікті шетел асып үлгерген.

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде