{metadescription}
Шауырманың ішінен өткір пышақ шыққан

Шауырманың ішінен өткір пышақ шыққан

Жігіт шауырманы жей бастағанда, ішінен өткір пышақ шыққан.

Санкт-Петербург тұрғыны Микаэл Саакянц мейрамханадан тапсырыс берген шауырманың ішінен өткір пышақ шыққанын айтты. 

Ер адам "Яндекс. Еда" онлайн-сервисі арқылы қаладағы мейрамханалардың бірінен шауырмаға тапсырыс берген.

"Қаптамаға оралған шауырманы әкелді. Ашып, жей бастадым. 2-3 рет тістегенде, тіліме өткір зат тиді. Қарасам, пышақ. Есеңгіреп қалдым, абырой болғанда, ешқандай жарақат жоқ", — деп жазды Микаэл фейсбуктегі парақшасында. 

Желі қолданушылары жігітке тұтынушылар құқығын қорғау қызметіне шағымданып, ведомстволық тексерістен кейін сотқа жүгініп, "моралдық зиян" өтеуін талап етуге кеңес берді. Кейбір қолданушылар шаурмадағы пышақ "түрмедегі адамға дайындалған сәлем-сауқат" деп топшылаған. 

"Яндекс. Еда" өкілдері істің мән-жайы анықталғанға дейін мейрамхананы қосымшадан алып тастауға уәде етті.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде