{metadescription}
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында 2 медаль иеленді

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында 2 медаль иеленді

Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында жекелей сындар бойынша белдесулер аяқталды.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін, жарыстың соңғы күнінде Қазақстан сапынан 3 дзюдошы өнер көрсетті.

100 келіден жоғары салмақта белдескен балуанымыз Ерасыл Қажыбаев Чили спортшысы Францизко Солисті иппон ұпайымен ұтып, жарысты сәтті бастады. Алайда, екінші кездесуінде өзбек балуаны Бекмурод Олтибоевтан жеңіліп қалды.

Ал 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Исанова бірінші кездесуін Пуорториколық Можика Мелиссаға қарсы өткізсе, дәл осы салмақта Камила Берліқаш Елизаветта Каланинаға қарсы күресті. Нәтижесінде, әйелдер құрамасынан татамиге шыққан қос бұрымды балуанымыз да қарсыластарына есе жіберіп, жарысты бірінші айналыман аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, Бауде өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынында қос медаль бар.Осы әлем біріншілігінде Галбадрах Отгонцэцэг қола, Ерлан Серікжанов күміс жүлде алған болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.