{metadescription}
ШҚО-да бюджетті миллиондап жеп жатыр

ШҚО-да бюджетті миллиондап жеп жатыр

Сот үкімімен азаматтардың 79,9 млн-дық мүлкі тәркіленді.

ШҚО-да Экономикалық тергеу қызметі жыл басынан бері 94 құқық бұзушылықты анықтаған. Аталмыш фактілердің көпшілігі – бюджет қаржысын қымқыруға қатысты. 

ШҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетті миллиондап «жеп» жатқандар бар. Тек «Жол картасы халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ғана 19 іс қозғалған. «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша – 4 іс, «Агробизнес-2020» және «Балапан» бағдарламалары бойынша – екі-екі істен, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 1 іс, денсаулықсақтау төңірегінде – 1 іс қозғалған.

Осылардың біріне мысал келітсек, «Досжан темір жолы» АҚ-ның бұрынға лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары. Аталмыш азаматтар Шар-Өскемен желісінің аумағындағы жол жұмыстарына  бөлінген 94 миллион теңгені тып-типыл еткен. Сот үкімімен азаматтардың 79,9 млн-дық мүлкі тәркіленді.

Дереккөз: altaynews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.