{metadescription}
Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда 49,5 млн теңгеге сатылды

Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда 49,5 млн теңгеге сатылды

Мәскеуде Виктор Цойдың төлқұжаты аукционанда 9 млн рубльге немесе қазақстандық валютамен есептегенде 49,5 млн теңгеге сатылды.

Лоттың бастапқы құны 2,5 млн рубльден (13,75 млн теңге) кем дегенде үш есе өсті. Советтік музыканттың қойын дәптері 3 млн рубльге (16,5 млн теңге), "Хочу перемен!" әнінің қолжазбасы 3,6 млн рубльге (19,8 млн теңге) сатылды.

"Литфонд" аукцион үйінің өкілі хабарлағандай, әншінің төлқұжаты 9 млн рубльге сатылды. Цойға құжат 8 айға кешіктіріліп 16 жасында берілген, онда оның Марианна Родованскаямен шаңырақ көтергені туралы Ленинград қаласының Мәскеу аудандық АХАЖ бөлімінің ақпараты тіркелген.

"Литфондтың" бас директоры Сергей Бурмистровтың айтуынша, аукцион өкілінің мамандары ІІМ-ге сұрау жолдатып, төлқұжаттың жалған емес екенін анықтайтын сараптамадан өткізіп, дәлелдеген. Ал, Цойдың төлқұжатында ленинградтық, мәскеулік рок-музыкантардың, оның ішінде Борис Гребенщиковтың, Майк Науменконың, Артемий Троицкийдің және өзгелердің телефондары жазылған.

Виктор Цой – советтік орындаушы, "Кино" тобының (1982-1990) негізін қалаушы. "Звезда по имени Солнце", "Хочу перемен!", "Группа крови", "Дальше действовать будем мы" әндерінің және т.б. авторы. 1962 жылы Ленинградта туылған, ал 1990 жылы жол апатынан қайтыс болды. Санкт-Петербургтегі Богословск зиратында жерленген.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде