Немересін құтқарамын деп ажал құшты
Американың Нью-Мексико штатында немересін құтқармақ болған 63 жастағы ер адам қаза тапты.
01:00 28.09.2018
63 жастағы Джерард Гринаф пен оның 13 жасар немересі джип көлігімен жартасқа тіреліп тұрып қалған. Оны тар жерден шығармаққа әрекеттенген шақта жоғарыдан тастар домалап, автокөлікті 45 метр биіктіктен сырғытып әкеткен.
Гринаф көлік құлаған кезде соққыны өзіне қабылдау үшін баланы кеудесіне қысып алған. Оқиға орнында кездескен фельдшер жігіт ер адамға көмектеспек болады. Ол 20 минуттай күрескенімен, аман алып қала алмады.
Ал немересі көп қан жоғалтқан, бұғанасы сынып, омыртқасына зақым келген, алайда ішкі органдары жарақаттанғанмен тірі қалды. Ауруханаға жеткізілгенда баланың жағдайы біршама жақсарған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!