Шымкентте ер адам туған қызын пышақтап тастады
Осы қылмыстық іске қатысты Абай аудандық сотында сот процесі басталды.
09:28 28.09.2018
Шымкентте ер адам өз қызын пышақтап тастаған. Абай аудандық сотында осы қылмыстық іске қатысты сот процесі басталды.
Әкесі 28 жастағы қызын ашу үстінде асхана пышағымен жарақаттаған.Нақтырақ айтқанда, кикілжің кезінде қызының арқа тұсынан екі рет пышақпен соққылаған, деп жазды otyrar.kz.
1960 жылы туған Қазығұрт шағын ауданының тұрғынына ҚР Қылмыстық кодексіні 106-бабының 1-бөлігімен айып тағылып отыр. Тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын толық мойындаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!