{metadescription}
Зырян ауданының атауы Алтай деп өзгертілді

Зырян ауданының атауы Алтай деп өзгертілді

Шығыс Қазақстанның Зырян ауданы мен қаласын Алтай деп аталатын болды.

Бұл ұсынысты аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық ұйым мүшелері бірауыздан қолдады. Қалалық мәдениет үйінде әуелі Зырян ауданын Алтай деп атау мәселесі қаралды.

Аудандық мәслихат депутаттарды жаңа атауды бір ауыздан қолдап дауыс берді. Ал шаһар атын қайта атау мәселесін жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері талқылады. Бас аяғы бір сағатқа созылған жиында қоғамдық кеңес өкілдері бір тоқтамға келіп, шаһар атын Алтай деп ауыстыру қажет деген шешті.

Тұрақты кеңес мүшелері де бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұл оң шешімге  ауданның зиялы қауым өкілдері риза көңілмен тарқасты. Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстандағы Зырян қаласының атауы Алтай деп өзгеруі мүмкін екендігін айтқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.