Ирак аруын Бағдатта өлтіріп кетті
«Ирак аруы» - 2015 жүлдесінің иегерін атып өлтірді.
17:20 28.09.2018
Ол 2015 жылы сұлулық ханшайымы тәжін жеңіп алған болатын.
22 жасар модельді 27 қыркүйек күні өз көлігінде отырған жерінен бірнеше рет тапаншамен оқ атып, ауруханаға түскен. Алайда, алған ауыр жарақаттарынан дәрігерлер өмірін сақтап қала алмаған.
Байқаудағы жеңісінен кейін ол Еуропада тұрған. Кейін Отанына қайтып оралған.
Жергілікті тәртіп сақшылары ару өлім алдында тұтқында болған деген болжам айтуда. Себебі оның инстаграмм парақшасында «құдай бұл арудың барлық күнәларын кешіріп, жұмақтан орын нәсіп етсін» деген мазмұнда сурет жарияланған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!