Жолаушылар ұшағы суға құлады
Микронезияда 36 адамнан тұратын жолаушылар ұшағы суға құлады.
17:44 28.09.2018
28 қыркүйек күні Boeing 737-800 ұшағы Микронезиядағы Чуук аралына құлаған. Ұшақ Жапониядан Папуа-Жаңа Гвинеяға келе жатқан.
Ұшақ ұшу-қону жолағынан 150 метр жердегі суға құлаған. Жерге қонуға ыңғайланғанымен нәтижесіз болған. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, әуе көлігінен адамдар арнайы қайықтардың көмегімен эвакуацияланған.
Әуежайдың менеджері Джимми Эмилио барлық 36 жолаушы мен экипаждың 11 мүшесі медициналық тексеруден өткенін айтты. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Ал, апаттың куәгерлері болса кейбір жолаушылардың ауыр жарақат алғанын мәлімдейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!